Фото: Ашық дереккөзден
Компания мәліметінше, ұшақ Сеулден сағат 09:25-те ұшып шығып, жергілікті уақытпен 11:50-де Бейжіңге шұғыл қонған.
Әуе компаниясы қазір мәселені шешу үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтіп отыр. Сондықтан рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша 1:00-ге ауыстырылған.
Air Astana Қытай шекара қызметімен байланысып, виза талап етілмейтін жолаушылардың әуежайдан уақытша шығып, қонақ үйде тұруына рұқсат беру туралы ресми өтініш жіберген. Өзге де жолаушылар ас-сумен қамтамасыз етіліп, транзиттік аймақтарға орналастырылған.
Бұған дейін аталған компанияға тиесілі тағы бір ұшақта ақау пайда болып, Делиге шұғыл қонғаны хабарланған.
Айта кетейік, Air Astana Дубай мен Доха бағытындағы рейстерін қайта жандандыруды жоспарлап отыр.