Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 30

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды

<p><strong>Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған атыраулықты ұстады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды
Ведомство күдіктінің Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынғанын және онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.
 
Еске салайық, Атырау облысындағы Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша іс қозғалып, күдіктілерге  халықаралық іздеу жарияланған болатын. 25 желтоқсаннан хабар-ошарсыз жоғалып кеткен бір отбасының төрт мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары жалғасып, отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал берген. Кейіннен балаларымен жоғалып кеткен ерлі-зайыптының мүрдесі үйінің ауласындағы сарайдан табылған еді.  Ал іздеу жарияланған атыраулық күдіктінің 5 баласы мемлекет қарауына алынды. Ішкі істер министрлігі 24 ақпан күні Атыраудағы ерлі-зайыптының өліміне күдіктілердің Индонезияда ұсталғанын хабарлады. 
Бөлісу:
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдіктіні ұстау сәтінен фото-видео жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар