13 Қараша, 2010

Жақсы сөз – жарым ырыс

3697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жұлдызшы жорамалыы Қазақ қай күнде адамның жақсы сөйлегенін қалайды, “Жақсы сөз жарым ырыс” деген сөзі де бар. Дін мұсылман да аузыңнан үнемі жақсы сөз шықсын, өйткені, періште “әумин” деп қалса, сол орындалады дейді. Ал кейбіреулер, атап айтқанда, орыс тіліндегі интернет хабарлары биылғы қысты “мыңжылдықтың ең суығы болады”, деп қыс басталмай жатып-ақ байбалам салып баққан-тын. Бірақ анық білмеген соң, таласа да алмайсың. Дегенмен, халықтың қатты тіксініп қалғаны да рас. Елдегі ағайын биыл қуаңшылық болып, жем-азықты жеткілікті дәрежеде дайындай алмай қалды. Қыс қатты әрі ұзақ болса, қолдағы малға азық таба алмай қаламын ба деген сарыуай­ым­­шылдық та болмай қоймайды. Бірақ, иншалла дейік, ауа райы әлі күнге жұм­сақ болып тұр. Осыған орай жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов те жақсы лебіз білдірді. Ол Алма­ты­дан редакциямызға арнайы хабарласып, биылғы қыстың бәлендей қысылтаяңды болмайтынын айтты. Қарашаның 16-18 және 26-28-дерінде бір суық болып өтеді, одан әрі күн тағы да жылымық болады. Одан желтоқсанның 24-25-теріне дейін күн ашық болады, тек осы күндері бір суықтар болады, деді ол. Оның сөзіне қарағанда, негізгі суық 17-18 қаңтардан басталатын секілді. Орыстың “крещенские морозы” дегені осы, одан әрі де күн айта қаларлықтай қыспаққа алмайтын сияқты. Жалпы, қыс анау айтқандай қатты емес, жылдағы деңгейде қалыптасатын болады, деді жұлдызшы. Жақсыбай САМРАТ.