Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Шымкент: Медициналық ұйымдардың алдында дезинфекциялық өткелдер орнатылуда
Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Шымкент: Медициналық қызмет коронавирусқа қарсы шараларды күшейтуде
Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Шымкент қаласы бойынша карантиндік азаматтарды қабылдау үшін жұқпалы аурулар ауруханасы және 2 провизорлық стационар жұмыс істейді. Бұған қоса басқа қаладан және шетелден келуші азаматтарды орналастыру үшін №2 Оңалту орталығынан және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қарасты №4 және №5 жатақхана базасында қосымша 3 карантиндік стационар ашылды.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2020
Шымкентте өрт сөндіру техникалары залалсыздандыру жұмысына жұмылдырылды
Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу үшін Шымкент қаласында қажетті шаралар қолға алынған.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Індетпен күрес кезіндегі берілетін әлеуметтік төлемдерге қатысты онлайн брифинг өтті
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу, карантин уақытында тұрғын үйге онлайн құжат рәсімдеу, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек пен 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу бойынша онлайн-брифинг өтті.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Онлайн оқуда шымкенттік оқушылар көш бастап тұр
Шымкенттегі 213 білім беру ұйымы (мектептер, колледждер, ЖОО) толығымен қашықтан оқыту форматына көшті.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуға тыйым салынатыны туралы түсіндірілді
«Antikor.Live» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің қалалық департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың қатысуымен онлайн брифинг өтті.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Шымкент: Бейбіт заманның еңбекқор дәрігері – Гүлжанат Маханбетәліқызы
І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәліқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Шымкент: Төтенше жағдайға байланысты «Call орталық» 10 күнде 13 253 қоңырауға жауап берді
Коронавирус инфекциясына байланысты ел аумағында жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласы тұрғындарын мазалаған мәселелелер бойынша туындаған сауалдарға шұғыл әрі тұщымды жауап беру мақсатында арнайы «Call орталық» жұмысын бастаған болатын.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде
Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2020
Шымкенттік шаруалар өз өнімдерін делдалсыз саудалауда
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өткен аптада жылыжай иелерімен кездесіп, өндірген өнімдерін сауда орындарында тікелей шығаруға келіскен болатын.