Спорт
1 мин оқу 215

Геннадий Головкин айқас алдында ашық жаттығу өткізді

<p style="text-align: justify;">Орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) өткізетін титулдық жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді. Бұл туралы Головкин Instagram парақшасында <a href="https://www.instagram.com/p/B3FsJTNHaGn/">жазды</a>.&nbsp;</p>

Геннадий Головкин айқас алдында ашық жаттығу өткізді

«Ашық жаттығуға келген барлық жанкүйерлеріме рахмет. Сіздер - кереметсіздер!», деп жазды Головкин.

Боксшы алдымен жалғыз жаттығу жасап, кейінірек бапкері Джонатан Бэнкспен жаттыққан.

Еске салсақ, 5 қазанда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қала­сын­­дағы Madison Square Gar­den­ аренасында өткен жылы ұйымдастырылмақ болып, бірақ түрлі себептерге байланысты өтпей қалған қазақстандық бокс­шы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді

Сондай-ақ «Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесуін көрсету құқығына ие болғанын хабарлаған еді. Жекпе-жекті «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-де басталады. Кездесуді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасында онлайн тамашалауға болады.

1

1

1

Бөлісу: