Бокс • 01 Қазан, 2019

«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың боксын тікелей эфирде көрсетеді

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының
Баспасөз қызметі хабарлады. 

«Qazaqstan» және «Qazsport» арналары Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың боксын тікелей эфирде көрсетеді

Әйгілі «Madison Square Garden» алаңында өтетін бокс кешінде қарсыластар IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы титулына таласатын болады.

Сондай-ақ бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (15-0, 11 КО) америкалық Эндрю Эрнандеске (20-7-2, 7 КО) қарсы қолғап түйістіреді. 

«Қазақстан» РТРК» АҚ бокс кешінің барлық кездесуін көрсету құқығына ие болды. Жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде ұсынады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 6 қазан күні 05:00-де басталады.

Сонымен қатар телерадиокорпорация қазақстандық көрермендерге кездесулерді qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасы онлайн тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Бұл кездесу - Геннадий Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Алғашқы кездесуде ол канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген болатын.