Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 990

Ең қысқа әңгіме. Нұрбике Құдайбергенова

Ең қысқа әңгіме. Нұрбике Құдайбергенова

Үйілген топырақ

Әлі есімде... Екі жарым-үш жастамын. Үйдің қасында үйіліп тұрған саз топырақтың үстінде құм шашып ойнап отырмын. Күн төбемде. Әдемі көйлегін киген анам үлкен трассаға бет алды.

- Базардан саған «әй-әй» көйлек пен тәтті кәмпит әкеліп беремін...

Үйілген топырақтың жермен жексен болғанына 24 жыл. Содан бері үстіме бір көйлек пен таңдайыма тәтті кәмпит жетіспей жүр...

Нұрбике Құдайбергенова

Бөлісу:
Ең қысқа әңгіме. Нұрбике Құдайбергенова · Egemen Qazaqstan