Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 740

Ең қысқа әңгіме. Қуаныш Оспан

Ең қысқа әңгіме. Қуаныш Оспан

ЫЗҒАР

Базарда немересі «әпер» деп қиғылық салған, бағасы удай, шұрық-тесік шалбарды көрген қарияның бойы суықтан қалтырап кетті.

Бұл суық – сонау соғыс жылдарындағы қу жоқшылықта киген жыртық шалбарының тізесінен соққан ызғардан да бетер еді...

Қуаныш ОСПАН

Бөлісу:
Ең қысқа әңгіме. Қуаныш Оспан · Egemen Qazaqstan