Ең қысқа әңгіме
1 мин оқу 955

Ең қысқа әңгіме. Темірлан Қылышбек

Ең қысқа әңгіме. Темірлан Қылышбек

Жаңбыр таңға себеледі. Түсте шие тердік. Кешкісін тырналар қайтты. Түнде тауға қар түсті.

***

Ол өлер алдында қақталған сиыр етін ойлады, алайда түкірігін жұтынып үлгермеді.

***

Асиро көліндегі соңғы балық қармаққа ілінді. Ертең оның уылдырық шашатын күні еді.

Темірлан Қылышбек

Бөлісу:
Ең қысқа әңгіме. Темірлан Қылышбек · Egemen Qazaqstan