Абай
1 мин оқу 180

700 бала Абайдың әнін бірге шырқады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Абай-175&raquo; ән эстафетасын &laquo;Интеллектум&raquo; лицейінен қабылдаған Ақтау қаласындағы химия-биология бағы&shy;тындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 700 оқу&shy;шысы қазақтың ойшылы, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың &laquo;Көзімнің қарасы&raquo; әнін орындады.</p>

700 бала Абайдың әнін бірге шырқады

– «Көзімнің қарасы» әнін кез келген қазақстандық бі­леді деген ойдамыз. Эста­фе­таның шарттарын орындау мақсатында арнайы дайындық жүргізген жоқпыз. Бізге мек­теп алдына шығып ән айта­тын­дығымыз хабарланды. Үзі­­ліс кезінде өлеңді бір емес, үш рет айтып шықтық, – дейді мектептегі Өзін-өзі басқару ұйы­­мының президенті Рауан Ибрагим.

Оқу­­шылар эстафетаны Қы­­­­зылорда қаласындағы Назар­баев зияткерлік мек­те­біне, Қара­қия ауданы, Же­тібай кен­тін­дегі №8 жалпы білім беру ор­та мектебі мен Форт-Шев­чен­кодағы М.Горь­кий атын­да­ғы мектеп-ли­цейіне жолдады.

– Ал Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің әкім­шілігі ақынның шығарма­шылығын насихаттау мақ­сатында бірнеше шараны өт­кізуді жоспарлап отыр.

– Білім ордасында Абай ата­мыздың 175 жылдығын тойлау мақсатында өткізілетін шараларды өткен оқу жылы­нан бері өткізіп келеміз. Би­ыл «Адамның бір қызығы бала деген» атты сахналық қо­йылымдарымызды отбасы мүшелерін қатыстырып өт­кізуді жоспарлап отырмыз. Біз баламен жұмыс жасап қа­на қоймай, оның отбасы мү­шелеріне де ойшылдың шы­ғармаларын насихаттауды көздейміз, – дейді мектеп директорының орынбасары Алтынзер Ихсанова.

Бұған дейін өңірдегі айтулы ша­ралардан тыс қалмай, әсерлі қойылымдарын, әдемі өнерлерін ор­таға салып жүрген зияткерлер Абай ақынның мерейтойында бел­сенділік танытатыны анық.

Маңғыстау облысы

Бөлісу: