Алматыда 128 мың адам жұмысын жалғастырады
<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік комиссия шешімімен 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы бірқатар экономика секторларының жұмысы қалпына келтіріледі. Олардың нақты тізімі 15 сәуірде белгілі болады. Жұмысын жалғастыруы мүмкін секторлар туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.</p>
«Алматы қаласы бойынша сәуірдің үшінші декадасында өнеркәсіптің барлық салалары, қоймалар, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50%-на дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді. Нәтижесінде, Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады. Барлық шектеу талаптарының сақталатынын еске саламыз», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылатынын айтты.

