Ең қысқа әңгіме
2 мин оқу 335

Курсанттардың батыл әрекеті

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай режімін және карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде әскери қызметшілер батылдық пен өжеттілік, тапқырлық пен қарапайым адамгершілік қажет болатын әртүрлі оқыс жағдайларға кездеседі.</p>

Курсанттардың батыл әрекеті

Мұндай жағдайға жақында Алма­ты қаласында патрульдеуге қа­тысатын Радиоэлектроника және байланыс əскери-инже­нер­лік институтының курсанттары тап болды. Олар Төле би – Саин кө­ше­сінен  қолында гранатасы бар ер адамды ұстады.

Курсанттардың айтуынша, бір жігіт екі белгісіз ер адамды көр­сетіп, олардың қолында жа­рыл­ғыш қол гранатасы бар екенін айт­қан.

«Олардың бірінің қалтасында зат болды. Кенеттен ол əлгі затты алып, жерге лақтырды. Мен гра­на­таның корпусын байқадым», – дей­ді курсанттардың бірі Ерсұлтан Болат.

Оқиға орнында ұсталғандар полицияға тапсырылып, граната алынып, сараптамаға жіберілді. Кейін анықталғандай, олардың біреуі бұрын ұрлық және тонау əрекеттері үшін сотталған екен. Жарылғыш зат қайдан алынып, сондай-ақ пайдалануға не үшін жоспарланғанын құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Құрлық әскерлері əскери инс­титутының 4-курс курсанты Мейрамбек Найсекенов Алматы қала­сы мен облыс шекарасындағы кө­пірден өзенге секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарды. Қараңғыда көпірдің артында тұрған бойжеткеннің бейнесін көрген Мейрамбек оған көмекке жүгірген. Ол бірден қыз­дың  қолынан ұстап, көпірдің сүйе­ніші арқылы жоғары тартып алып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Болған оқиға туралы әскери қызметші рация бойынша блок-бекет басшылығына баяндап, полиция келгенге дейін бойжеткенге психологиялық қолдау көр­­сетуге тырысқан. Белгілі бол­­ғандай, ол өзінің жігітімен араз­­дасуына байланысты осындай қадамға барған көрінеді. Құқық қорғау органдарының өкіл­дері курсанттың батыл әре­кет­терінің арқасында бойжеткен тірі қалғанын атап өтті. Мейрам­бек­ке осы əрекеті үшін алғыс ж­а­рия­­ланды.

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күш­тері əскери институтының кур­санттары Роман Өтесейітов пен Диас Шаменов те өз ба­тыл­дық­та­рын көрсете білді. Әскери полиция жасағының әскери қызмет­шілерімен бірге патрульдеуге қатыса отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған ер адамды ұстады. Аталмыш оқиға Бей­бітшілік даңғылында орын алды. Ұсталған азаматта суық қару болғандығы анықталды.

Әскери оқу орындарының жо­ғары курс курсанттары пат­рул­ь­деуге қатысады. Болашақ офи­церлер тәжірибелі әскери әріп­тестермен және құқық қорғау орган­дарының қызметкерлерімен бір­лесе қойылған міндеттерді орын­дайды және осындай қиын жағдайларда да азаматтықтарын танытады.

Бөлісу:
Курсанттардың батыл әрекеті · Egemen Qazaqstan