Бұл – мылтықсыз майдан
<p style="text-align: justify;">Бұл – қазақтың басына ғана емес, барша адамзат баласына келген зұлмат болып отыр. Шартарапты шарлаған індеттен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын.</p>

Елімізде жасы бар, жасамысы бар талай азаматты індет жалмап алды. Халқымыздың тарихында бұрын да нәубетті жылдар болған. Ол тауқыметтен де сүйретіліп, зорға аман қалдық. Енді мына індет бетпе-бет келіп тұрған жау емес. Бұл – Шерхан Мұртаза айтқандай, «мылтықсыз майдан». Осы жолда Президенттің өзінен бастап күресіп жатыр. Әсіресе дәрігерлердің еңбегі өте зор. Өкінішке қарай, аты жаман ауру әлі де өршіп тұр. Жан-жақтан келген қаралы хабарлар желдей есуде. Бұған жүрек сыздап, қабырғамыз қайысып отыр. Дегенмен, осындай сынақ уақытта осалдық танытпауымыз керек. Бұл кезеңде ең үлкен батырлық – әркімнің өз жауапкершілігі. Қатаң шараларды сақтап, үйде оқшаулансақ, елімізге, экономикамызға көрсетілген үлкен күш болмақ.
Темірхан МЕДЕТБЕК,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
