Таным
1 мин оқу 2,090

Байтұрсынұлының «қатесі»

<p style="text-align: justify;">Мектеп баласы дәптеріне &laquo;Жиырманшы қыр&shy;күйек&raquo; деп жазса, ұстазынан сөгіс еститіні анық.</p>

Байтұрсынұлының «қатесі»

Алайда ұлттық терминологияның негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы біз «жиырмасыншы» деп әдіптеп жүрген реттік сан есімді «жиырманшы» деп жазған екен. Ахаң неге бұлай қате жазды екен? – деген оймен білікті ғалымдарға жүгініп көруді жөн көрдік. Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс­титуты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орнай Жұбаеваға хабарласып едік, ғалым:

– Байтұрсынұлы «жиырмасыншы» демейді, «жиырманшы» дейді. Шындығында, сол дұрыс. Қазіргі қисынға салсақ, «екінші», «жетінші» деген сөздер «жиыр­масыншы» сияқты «екісінші», «жеті­сінші» болып жазылуы керек қой. Мұны Ахмет Байтұрсынұлы да, Елдес Ома­ров та, Мәулен Балақаев та «жиырманшы» деп қолданған. Кейінгі орфография­лар­да қате беріліп жүр. Ол дұрыс емес, – деді.

Енді қайтпек керек? Ештен кеш жақсы деп емлені түзейміз бе, әлде Байтұр­сынұлыныкін қате санап, көзжұмбайға салып жүре береміз бе? Айтпақшы, Өз­бекстан қазақтары да Ахаңша, жиырманшы деп сөйлейді.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Байтұрсынұлының «қатесі» · Egemen Qazaqstan