Абай
1 мин оқу 394

Ұлы ақынның жаңа бейнесі

<p style="text-align: justify;">Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Қызылжарда ерекше ескерткіш жасалып жатыр. Ол Абай және Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қабырғасын тұтас алғалы тұрған ақынның бейнесі салынған панно.</p>

Ұлы ақынның жаңа бейнесі

Қала басшылығының қол­да­уымен оны іске асырып жатқан ал­матылық суретші Болат Әсербеков. Туындыны осылай жасауды ұсынған да сол. Портрет керамикалық пли­талардан қа­лануда. Ол қыстың суығына, жаз­дың ыстығына төтеп береді. Оның үстіне бетіне шаң қон­байтындай етіп арнау­лы май­мен жылтыратады екен. Ақын пор­третінің айналасына қазақы өрнек­тер қаланбақ. Жұмысты жүргізіп жа­тқан Ал­матыдан арнайы келген құры­лысшылар.

Айтуларына қарағанда, ұлы ақын­ның мұндай бейнесі еліміздің басқа ешбір жерінде жоқ. Рас, өскемендік шеберлер үйдің қабырғасын тұтас алған панно жасаған, бірақ ол ғима­раттың ішінде болатын. Ал мынау сары аязы сақылдаған Арқаның төрінде, далада түскелі тұр. 

Қазір жұмыстың монтаждау жұ­мыс­тары аяқталған. Енді шеберлер суреттің өзіне кірісіп кеткен. Егер алды­мыздағы 10 күн ашық болса, Абайдың айрықша бейнесі толық жасалып, Қызылжар көр­кін арттыра түскелі тұр. Алайда аяқтан шалатын дүниелер де жоқ емес. Соның ішінде жарнамалық плакаттар мен осы үйдің қабырғасынан ашыл­ған дүкенің кон­ди­цио­нері жұмысқа кедергі кел­тіруде. Бұл мәселе ал­дағы күндерде ше­шіледі дейді құрылысшылар.

Айта кететін жайт, Абайға біздің қала­мызда ескерткіш алғаш рет 2005 жылы қойылған еді. Қаланың қақ ортасындағы сая­бақта бұл ескерткіш Абай мен Пушкинге арнап ашылған. Енді мына панно Абай бейнесін Қы­зылжар тұрғындарына жақындата тү­сері сөзсіз. Қазірдің өзінде халық оған таңданыспен қызыға қарап жүр.

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу:
Ұлы ақынның жаңа бейнесі · Egemen Qazaqstan