Пікір
1 мин оқу 161

Таңертеңнен тыным таппайтынбыз

<p style="text-align: justify;">Қазпошта саласында 30 жылдай еңбек етіп, зейнетке шықтым. Ол заманда жұмысты техниканың күші&shy;мен емес, барлығын өз қолымыз&shy;бен істейтінбіз. Әр пошта мекемесіне газет-журнал жеткізуге арнайы кө&shy;лік&shy;тер келетін.</p>

Таңертеңнен тыным таппайтынбыз

Пошташылар өз­дері­нің сөмкелеріне сыйғанынша газет-журнал, хат-хабарды салып, күнде қала кезіп жүретін. Шаһардың әр аудан, көшелерінде арнайы пош­та жәшіктері орнатылып, есігі құлыптанатын. Тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жылдары хат, сәлемдеме өте көп болғандықтан бос отыруға уақыт болмайтын. Поштаға келген тұрғындарға дұрыс қызмет көрсетуге тырысатынбыз.

Осы саладағы еңбегімді елеп еске­ріп, өңірден Мәскеуде өткен Кеңес­­тер Одағының алқалы жиында­рына делегат болып қатысып қайт­тым. Осы салада тапжылмай жұмыс істеп 2008 жылы ұжымдастар он бірін­ші пошта бөлімшесінен құрметті зей­нет­керлікке шығарып салды.

Амангүл БЕЙСЕНОВА,

зейнеткер, пошта саласының үздік маманы

Бөлісу:
Таңертеңнен тыным таппайтынбыз · Egemen Qazaqstan