Үміткерлер анықталды
<p style="text-align: justify;">Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Кө­шер­баевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сый­лығын беру жө­нін­дегі комиссияның қорытынды оты­рысы өтті.</p>

Комиссия мүшелерімен әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған Мемлекеттік сыйлықтың екінші кезеңіне өткен 11 жұмыс қаралды.
Отандық шығармашылық зиялы қауымнан құрылған Комиссия мүшелері конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың ақпаратын тыңдады.
Комиссия жасырын дауыс беру арқылы Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаттығына үміткерлерді анықтады.
Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
