Әлем
1 мин оқу 170
Измирде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
<p style="text-align: justify;">Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> РИА Новостиге сілтеме жасап.</p>

"Таңғы 05:30-да 786 афтершок болып, оның қырқының күші 4 балдан жоғары болды.
Жараланған 896 адамның 667-сі жазылып шықты, қалған 229 адам емін жалғастыруда", делінген хабарламада.
Айта кетейік, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.
Бөлісу:
