Абай
1 мин оқу 710

Күршімде Абай алаңы ашылды

<p style="text-align: justify;">Абайдың 175 жылдығында Күршім көркейе түсті. Шекара шебіндегі ауданда Абай атында алаң ашылып, ақынның тұлға мүсіні орнады.</p>

Күршімде Абай алаңы ашылды

Алаңның қақ ортасына қойылған хакімнің қоладан құйылған ескерткішінің жалпы биіктігі – 6 метр. Күршім ауданының орталығында осыған дейін ұлы Абайдың есімі берілген бірде-бір нысан болмаған екен.

Ақын рухына құрмет ре­тінде аумағы бірнеше гектарды алып жатқан орталық алаңға Абайдың есімі бе­рілді. Ұлы ойшылдың атын­­­дағы саябақ толық абат­­тан­­дырылып, жан-жағы түнгі уақытта самаладай жар­қы­рады.

Жарты әлемді жайлаған індеттің беті қайтып, халық баяғы тіршілігіне оралған соң бұл алаң мерекелік кештер ұйымдастыруға таптырмас орын болмақ. Көрікті орын­ға кәсіпкерлердің көме­гімен ұзындығы 20, ені 10 метрлік су бұрқақ салынды. Жай су бұрқақ емес, әуезді ән шыр­қап, мың бұрала би билейді.

– Аудан орталығының ажа­­ры кіріп, көшелердің жөн­деліп жатқаны қуантады. Жа­ңадан бой көтерген ес­керт­кіштің, ертеңгі өсіп келе жатқан ұрпақ үшін өте ма­ңызды. Кішкентайынан Абайды танып, өлеңдерін, ғиб­ратты сөздерін оқып өссе жаман бол­майды, – дейді аудан тұрғыны Мейрамгүл Қозыбаева.

Сонымен қатар ауданы ор­талығы Күршімде төрт көшенің жолы толық жөн­деліп, абаттандырылды. Бұл жұмыстардың бәрі шека­ралық аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша атқа­рылды. Ал аудандағы жал­пы елді мекендердің ин­фра­­құрылымына биыл 5 млрд теңгеге жуық қаржы бө­лінді. Ендеше, алдағы уа­қыт­та Күр­шім өңірінде әлі де ауқым­­ды жұмыстар атқары­лады.

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы

Бөлісу:
Күршімде Абай алаңы ашылды · Egemen Qazaqstan