Алматыда 10 туристік бағыт абаттандырылады
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков жыл соңына дейін 10 туристік бағыт абаттандырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Туризм басқармасының хабарлауынша, таулы жерлерде туристік бағдарлау сапасын арттыру мақсатында тау бағыттарын абаттандыру мен цифрландыруға ерекше көңіл бөлінбек.
"Соңғы 3 жылда қалада 26 тау маршруты абаттандырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ұзындығы 157 км болатын үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында тағы 10 маршрутты абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, соңғы екі жылда 1000-нан астам тау жолдары цифрландырылды", деді М.Айнабеков.
