Пікір
2 мин оқу 361

Ашық әрі әділ сайлауды қолдаймыз

<p style="text-align: justify;">Baqylau жобасы тәуелсіз байқаушыларды оқытумен айналысады. Бұл &ndash; азаматтық бастама десек те болады. Бізде дайындықтан өткен азаматтарға бірнеше жыл бойы сайлауда байқауды ұйымдастырып келе жатқан сенімді үкіметтік емес ұйымдар арқылы алдағы сайлауда байқаушы болуды ұсына аламыз.</p>

Ашық әрі әділ сайлауды қолдаймыз

Оқу процесін екі кезеңге бөлдік. Бірінші белсенді кезең­де қазан айында 10 қалаға барып, тәуелсіз байқаушы бола­мын деген азаматтарды даяр­ладық. Батыстағы төрт облыс, орталықтан Қарағанды мен Нұр-Сұлтан, оңтүстікте Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларының тұрғындарына дәріс оқыдық. Барлығы шамамен 150-ден астам адам жобаға қатысты, әр қаладан орта есеппен 14-15 адамнан болды. Енді осы аптадан бастап еліміздің басқа өңірлерінен де өтініш берген адамдарды онлайн оқыта бас­таймыз. Осылайша елімізде сайлауды бақылаймын деген азаматтарға тәуелсіз бай­қаушы деген кім, қандай болуы керек екенін түсіндіруге тыры­самыз. Тренинг бары­сында «Сайлау туралы» Конс­­­титуциялық заңды негізге аламыз. Құжатта «тәуел­сіз байқаушы кім?» деген сұрақ­тан бастап, мін­дет­тері мен құ­қықтары, заң ая­сын­дағы әрекеттері де анық көрсе­тілген. Бір күндік се­минар-тренингті осы мәлі­мет­терге сүйене отырып өткі­земіз. Одан бө­лек өзіміздің не өзге де байқау­шылар­дың бірнеше жылдық тәжіри­бе­сінен мысалдар кел­тіре отырып, алдағы жауапты қыз­метіне даярлаймыз. Олардың қатарында өзіңді қалай ұстау керек, сайлау про­цесіне қалай кедергі болмау керек, басты міндетің қандай, түрлі жағ­дайда қандай әрекет жасауға болады деген секілді нақты ақыл-кеңестерімізді айтамыз.

Жобаның басты ерек­шелігі – қазақ тілді ауди­торияға не­гіз­делгенінде. Осы секілді тәуел­сіз байқау­шыларды даяр­лайтын өзге ұйымдар көбіне орыс тілінде өтеді. Осылайша қазақ тілінде сөйлейтін аудитория бұл тақырыптан шет қалды. Сай­лауда тәуелсіз байқау­шы болғысы келетін қазақ тілді аудиторияға да сапа­лы да­­йындық керек болды. Жобаға қосылуымның бас­ты се­­бебі бірнеше жыл­дық бай­қау­шы ретінде тәжі­ри­бем­нің болуы еді. Біз тре­нинг өткіз­­ген өңірлердің бар­лы­ғын­да дерлік қазақ тілін­де сөй­лейтін адамдар саны басым. Біз оқытуға тәуел­сіз, ешқан­­дай партияның мүше­лі­гінде жоқ азаматтарды таң­даймыз. Өйткені тәуелсіз байқаушылар жұмысының бас­ты принципі – бейтарап болу. Жобаның басты мақсаты – сайлау процесінің ашық, әділ, заң аясында өтуіне күш саламыз деген аза­мат­тарды даяр­лау. Бір айта кететіні, биыл­ғы сайлаумен шек­теліп қал­май, алдағы уақытта да байқаушыларды оқыту ар­қылы тәуелсіз байқау­шылар институтын дамытуға үлес қосуды көздейміз.

Ғалымжан ОРАЗЫМБЕТ,

Baqylau жобасының тренері, үйлестірушісі

Бөлісу:
Ашық әрі әділ сайлауды қолдаймыз · Egemen Qazaqstan