Демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды
<p style="text-align: justify;">2020 жылдың қорытындысы бойынша Instagram желісінде ең көп белгіленген демалыс орталықтарының үздік ондығы жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Үздіктер тізімінде Алматы қаласының басты мақтаныштарының бірі − Көк-Төбе саябағы көш бастап тұр. Оңтүстік астананың ең биік нүктесіне барушылар саны Instagram желісінің мәліметі бойынша 54 232-ге жеткен.
Екінші орында елордадағы Astana Opera мемлекеттік опера және балет театры − 53 105 рет белгіленген. Қола жүлде Нұр-Сұлтан қаласындағы жағалау саябағына (50 024) бұйырды.
Төменде 4-10 орын алған Қазақстанның көрнекі орындары әрі демалыс орталықтары көрсетілген.
Солардың қатарында Хан Шатыр − 47 220, ҚР Ұлттық музейі − 45 107, Хазірет Сұлтан мешіті − 44 154, 28 панфиловшылар саябағы − 43 700, Нұр-Әлем − 42 811, Бәйтерек − 41 945, Атакент − 40 363-і бар.
