Туризм
1 мин оқу 290
15 ақпанға дейін Шымбұлаққа жол жабық болуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Алматы өңіріндегі Шымбұлақтың жоғары тұсына және Аюсай шатқалына қарай өтуге тыйым салынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Қалалық төтенше жағдайлар қызметі өкілдері бұған құтқарушылардың жарылыс ұйымдастыруы себеп дейді. Көшкін жүрудің алдын алу мақсатында олар тау шатқалынан 5 мың текше метр қар түсірген.
«11 ақпанда қар қалың жауғанына байланысты үлкен және кіші Алматы шатқалдарында жаяу жүргіншілерге және қала демалушыларына жолдар жабық. Дүйсенбі, яғни 15-не дейін жол жабық болуы ықтимал. Ауа райына қарай тағы да айтамыз», деді «Қазселденқорғау» ММ Алматы қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары Кеңесжан Күнесбай.
Бөлісу:
