Пікір
2 мин оқу 775

Бауырлас елдер ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі таңда геосаяси жағ&shy;дай жаһан&shy;дық деңгейде де, аймақ&shy;тық контексте де тұрақсыз, сон&shy;дықтан тиімді аймақтық ынты&shy;мақтастықты қамтамасыз ету туралы мәселе өзекті болып қала береді. Бұл үшін бар&shy;лық түркі&shy;тілдес мемлекет&shy;тер ара&shy;сын&shy;дағы екіжақты және көп&shy;жақ&shy;ты форматтағы байла&shy;ныстардың қазіргі&shy;ден де жоғары деңгейге көтерілуі өте маңызды.</p>

Бауырлас елдер ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Осы орайда, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен құ­рылған Түркі­тіл­дес мемлекеттердің ын­ты­­мақ­тастық кеңесінің (ТМЫК) бей­рес­ми саммитін өткізу, онда Түркі кеңе­­сі­нің мәртебесін көтеру тура­лы мәсе­ле­лер­ді қарастыру өте ма­ңызды. Өкінішке қа­­рай, Сам­ми­тті жоспарлағандай, Түркі әлемі­­нің рухани орталығы Түркі­стан қа­­ла­­сында өткізу пандемия жа­ғдайы­на бай­ла­нысты мүмкін бол­мады. Деген­мен, ТМЫК-ға мүше елдердің барлығы­ның – Әзербайжан, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Түркия, Өзбекстан, сонымен бірге ба­қы­­­лаушы мемлекет Венгрия және келе­шек­­те мүшелікке қабылдануы ықти­мал Тү­рік­менстан мемлекеттерінің басшы­ла­ры қа­тысып, мүдделілік танытуы Түр­кі кеңесінің әлеуеті жоғары екендігін көрсетеді.

Түркі кеңесіне мүше елдердің мәде­ни-тарихи жақындығы кеңес­тің басты құндылықтарының бірі деуге болады. Орталық Азияның төрт мемлекеті, Әзер­байжан мен Түркия – ортақ тамыры бар, түркі тілдерінде сөйлейтін және мүд­делері мен мақсаттары жақын елдер. Түркітілдес мемлекеттер арасын­дағы көпжақты қатынас­тар экономика­лық ынтымақтас­тық пен интеграцияны дамыту үшін мүмкіндіктер ашып, саяси-дипломатиялық байланыстардың қалыптасуына ықпал етеді және гуманитар­лық саладағы терең байланыстардың негізін қалайды.

Халықаралық ұйымның бас­ты мақсаттары мен міндеттері­нің арасында өзара сенімді, дос­тық пен тату көршілікті, бейбіт­шілік пен қауіпсіздікті нығай­ту, халықаралық терроризм мен сепаратизмге, экстремизмге, адам саудасына, есірт­кі бизнесіне қар­сы күрестегі іс-қимылдарды келі­су, сондай-ақ екі жақты және аймақтық деңгейде саяси, сау­да-экономикалық, мәдени-білім беру, ғылыми-техникалық ын­ты­мақтастыққа жәрдемдесу ма­ңызды.

Түркітілдес мемлекеттер ара­сын­­да­ғы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар­да­ғы ынты­мақтастық Қазақстан­­ның сыртқы саясаты үшін әрқа­шан маңызды бағыт болып келді. Халықаралық аренада және мүше елдер арасындағы ын­тымақтастық кеңейді. Эконо­микадан туризмге, жас­тар мен спорттан білімге дейінгі ын­ты­мақтастықтың 20 түрлі салас­ын қамтитын Түркі кеңесінің келе­шегін нығайту міндеті – бүгінгі күн тәртібіндегі басты тақырып.

Еске салсақ, 2019 жылғы 15 қа­занда Бакуде өткен ТМЫК VII сам­митінде Нұрсұлтан Назар­баев «Түркі келешегі – 2040» бағдарламасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізген-ді. Осы бағдар­ламаға сауда-эконо­ми­калық сияқты маңызды са­лалар­дан бөлек, білім беру сала­сындағы ынтымақтастық мәсе­лелерін де қосу орынды деп санай­мыз, өйткені жалпы түркі­лік болашақтың жаңа көкжиек­терін және ортақ құндылықтар­ды қалыптастыруға оқу-тәрбие шаралары шеңберінде мектеп және университет аудиторияларында тиімді жұмыс жүргізудің мүмкіндігі жоғары.

 

Әсел НАЗАРБЕТОВА,

Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы

Бөлісу: