Туризм
3 мин оқу 830

Туристік қызметті жандандырады

<p class="2018-" style="margin-left: 0cm; text-align: justify;">Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ержан Еркінбаев және Қазақстан туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің қатысуымен &laquo;Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер туралы&raquo; арнайы жиын өтті.</p>

Туристік қызметті жандандырады

Осы жылдың сәуірінде Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кейбір заңнамалық ак­тілеріне туристік қызмет мә­се­лелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Атал­ған заңда 20 нормативтік-құ­қық­тық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Со­ны­мен қа­тар тәуелді 30-дан ас­там ак­тіге өз­герістер енгізу және ж­а­­ңасын әзірлеу көзделген болатын.

Заңда келу туризмін, инвести­цияларды ынталандыруға, ту­ристік инфрақұрылымды жақ­сар­туға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған саланы мемлекеттік қолдаудың теңдессіз шаралары көрсетілген.

Бұл – туроператорларды әрбір шетелдік турист үшін субсидиялау, туристік объектілер мен жол бо­йындағы сервис объектілерін салу кезінде тау шаңғысы базалары мен туравтобустарға арналған жабдықтарды сатып алуға салған инвесторлардың шығындарын өтеу, сондай-ақ турдестинацияларда санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды субсидиялау сынды шаралар.

Бүгінгі таңда қазақстандық туроператорлардың жұмысы көш­пелі туризмге бағытталған. Енді туроператорлардың келу туризмі бойынша жұмысын ынталандыру үшін халықаралық тәжірибе не­гізінде әрбір шетелдік турист үшін туроператорларды 15 мың тең­ге мөлшерінде субсидиялау енгі­зіліп жатыр.

Сонымен қатар Қазақстанда отбасылық демалысты ынталан­дыру мақсатында ішкі әуе мар­шрут­тарында балаларды тасымалдау ақысын өтеу де KIDS GO FREE бағ­дарламасы арқылы жү­зеге асырылады.

Аталған бағдарламаға сәй­кес, екі жастан 14 жасқа дейінгі балаларға Қазақстандағы топ-10 ту­ристік аймаққа тегін әуе би­лет­тері беріледі. Бағ­дар­ла­маның мақ­­саты – қазақ­стан­дықтарға елі­міздің туристік аймақтарында бүкіл отбасымен демалуға мүм­кін­дік жасау.

Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің айтуынша, туризм көптеген елде экономиканың драйверіне айналды.

«Туризм нарығы мемле­кет­тің мұндай қолдауын көп­тен күтті. KIDS GO FREE жүйесі аза­мат­тардың ел ішінде саяхаттауға деген қызығушылығын оятады. Бұл жерде туроператорлардың турларды танытуға қатысуын қолдау өте маңызды», деді И.Рей.

Шетелдік туристер үшін көші-қон режімін барынша жеңілдету мақ­сатында Қазақстанда қонақ­үйлерге орналасу кезінде алынған мә­ліметтерді ҰҚК Бүркіт жү­йесімен және ІІМ визалық-көші-қон порталымен автоматты ре­жім­де біріктіруге мүмкіндік бе­ретін Е-qonaq жүйесі әзірленді. Жүйе қазірдің өзінде Нұр-Сұл­тан, Алматы қалаларында, СҚО және Ақмола облысындағы 323 қонақүйде енгізілген. Жыл со­ңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтарын қамтып, Е-qonaq жүйе­сі бар қонақүйлер санын 600-ге дейін жеткізу жос­парланған.

Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Қазақ­стандағы туристік қызмет туралы заңнамаға өзгерістер ен­гізу аясында отандық турларды сату үшін онлайн платформаны іске қосу жоспарланғанын атап өтті.

«Бұдан былай Қазақстандағы гидтердің жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда гидтердің білімі, олардың туристермен қарым-қатынасы туралы ешкім білмейді. Осыған байланысты құзыреттілік бойынша көптеген сұрақ туындайды. Сондай-ақ ел аумағында шет­елдік азаматтардың гид қызметін көрсету фактілері бар. Бұл – заң­сыз қызмет. Осындай мәселелерді шешу үшін Kazakh Tourism онлайн жүйені енгізуді ұсынды. Онда гидтер өз білімдерін мер­зімді түрде растап отырады, туристер үшін қажетті ақпарат бар. Мысалы, қандай тілді меңгергені, дайындық деңгейі, ту­ристердің пікірі туралы және т.б. ақпарат көр­сетілген жеке парақша болады. Гидтерді сәй­кес­тендіру ың­ғайлы болу үшін әрқайсысының өзіндік бірегей QR коды болады, ол гидтің про­филіне апарады», деді Е. Еркінбаев.

Жиын соңында Kazakh Tourism ҰК АҚ басшылығы мұн­­дай жа­ңалықтарды енгізу туристік қыз­мет­тер нарығын Қа­­зақстанда ба­рынша ашық ете­тініне сенім білдірді.

Бөлісу: