Абай
1 мин оқу 480

Мажарстанда Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Мажарстанның Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мажарстанның Мемлекеттік жиналысы спикерінің орынбасары Шандор Лежактың қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Мажарстанның саяси қайраткерлері, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты.

Рәсім барысында Шандор Лежак көрнекті ақын және ойшыл Абайдың шығармашылық мұрасы батыс және шығыс мәдениетін байланыстыратынын айтты.

1

Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Михай Варга Венгрия Үкіметі екі ел арасындағы ғылыми-мәдени мұра саласындағы қатынастарды «шығысқа терезе» сыртқы саяси стратегиясы аясында дамытуды жалғастыратынын атап өтті.

2

Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов Абайдың еңбектері елдер мен халықтардың жақындасуына ықпал ететінін, ал оның рухани мұрасының арқасында венгриялық жастар қазақ даласының мәдениетімен таныса алатынына сенімін білдірді.

3

Бөлісу:
Мажарстанда Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылды · Egemen Qazaqstan