Абай
1 мин оқу 1,433

Атырауда ұлы Абайға еңселі ескерткіш қойылды

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласында Абайдың есімі берілген орталықтың алдына еңселі ескерткіші қойылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда ұлы Абайға еңселі ескерткіш қойылды

Бұл өңірде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының есімімен 5 мектеп пен 28 көше аталады. Ал, былтыр ойшылдың есімі Атырау қаласында бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына берілді. Соған байланысты нысанның атауы Абай орталығы болып өзгертілді.

Қазір бұл орталықта 30 бағытты қамтитын 100-ге жуық үйірме бар. Үйірмелерде 800-ге жуық оқушы өнер, шығармашылық, технология, көркем-эстетика, спорт, әскери-патриоттық, экология-биология бағытында қосымша білім алады.

Ал, бүгін аталған орталық алдына Абайдың еңселі ескерткіші қойылды. Ескерткіш қоладан құйылған. Оның авторы – мүсінші Асқар Нартов.  

Бөлісу:
Атырауда ұлы Абайға еңселі ескерткіш қойылды · Egemen Qazaqstan