Пікір
1 мин оқу 746

Саяси бәсекелестік – даму кепілі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанды саяси реформалардың күтіп тұрғаны анық. Оның шет жағасы Президенттің отандық телеарнаға берген сұхбатында тағы айтылды. Еліміздің саяси құрылымы жанданатын күнді асыға күткен адам аз емес.</p>

Саяси бәсекелестік – даму кепілі

Саясаттағы бәсекелестік жалпы қоғамның, экономиканың дамуына бастайтыны сөзсіз. Сондай-ақ сайлауда саяси пар­тиялардың легитимді жеңіске жетуі өзге партиялар арасын­дағы доданы арттыра түспек.

Президент өз сөзінде пар­ламенттік және партиялық жү­йені реформалау туралы айтып өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшы­сы Парламенттің төменгі па­латасында бірнеше мықты пар­тия болуға тиіс деген пі­кір біл­дірді. Бұл еліміздегі сая­си ре­­форманың негізі бағыт­тары деп ойлаймын. Көппар­тия­­лық­тан қорықпау керек. Бәсекелес пар­тиялар арқылы саяси мәдениет қалыптасады.

Қазір қазақстандық саяси мәдениетті қалыптастыру жа­йында жиі айтылып жатыр. Пар­ла­мент­те бәсекелес бірнеше партия­ның болуы қоғамымызда саяси мәдениеттің нығаюына ық­пал етеді. Партиялар қоғам­ның түрлі жігі мен тобының мүддесін қорғайды. Бұл мә­селелер, ең алдымен, алаңда емес, Парламент қабырғасында көтерілуі керек.

Руслан АХМАҒАНБЕТОВ,

Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ аға оқытушысы,
PhD докторант

Бөлісу:
Саяси бәсекелестік – даму кепілі · Egemen Qazaqstan