Театр
1 мин оқу 400

Симфониялық оркестрдің дебюті

<p style="text-align: justify;">Жуырда &laquo;Астана Балет&raquo; театрының симфониялық оркестрінің алғашқы концерті өтіп, оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қатысып, жаңа өнер ұжымына табыс тіледі.</p>

Симфониялық оркестрдің дебюті

«Астана Балет» театрының директоры Александр Совос­тьянов өз сөзінде аталған өнер ордасында симфониялық ор­кестрдің құрылғаны – елор­да­ның мәдени өміріндегі елеулі оқиға екендігін айта келіп: «Біз үшін бұл зор мақтаныш, үлкен жауапкершілік. Жаңа оркестрдің алға қойып отырған мақсаты көп. Алдағы таңда жетекші өнер ұйымдарының қатарына қосылып, ел мәде­ниетін жоғары дәрежеде таныту» деді ол.

Жаңа ұжымның алғашқы L’ouverture концерттік бағ­дарламасына классикалық му­зыканың бірегейлері таң­дап алынған. Айталық, бірін­ші бөлімде, көрерменге Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» симфониялық поэмасы, К.Сен-Санстың Danse Macabre және Н.Римский-Корсаковтың «Ис­пан­дық Каприччиосы» ұсы­нылса, екінші бөлімде – Рах­маниновтың фортепиано мен оркестрге арналған шы­райлы шығармалары орын­далды. Сон­дай-ақ Қа­зақ­станның ең­бек сіңірген қай­­­раткері, талант­ты солист Әмір Тебе­нихин тамаша туындыларымен жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

− Біз құрамы жағынан кәсіби әрі жас ұжымбыз. Сон­дықтан  көрермен алдында өнер көрсету мен үшін де, музыканттар үшін де зор жауапкершілік жүк­тейді. Шынымды айтсам, осы сәтті көп­тен күтіп, өнерімізді елор­да­лық­тармен бөліскіміз келді. Бү­гінгі кеште көп орындала қой­майтын шығармаларды таң­дап, сол арқылы өзіміздің мүм­кін­дігімізді көр­сетуге ты­рыс­­тық. Бір сөзбен айт­қан­да, оркес­тр­дің өнері көрермен көңілінен шықты деп ойлаймын, − деді театр­дың сим­фониялық ор­кестрінің бас ди­рижері Арман Ораз­ғалиев.

Айта кетейік, мәдени кеш­тің өтуіне Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.

Бөлісу:
Симфониялық оркестрдің дебюті · Egemen Qazaqstan