Тағайындау
1 мин оқу 583

Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Самұрық-Қазына&raquo; ұлттық әл-ауқат қоры&raquo; АҚ басқармасының шешімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен Мағзұм Мырзағалиев &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; ұлттық компаниясы&raquo; АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл жайында ақпарат қордың ресми сайтында жарияланды.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылған еді.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер.

2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі. 2014-2019 жылдар – ҚР энергетика вице-министрі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды.

2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.

Бөлісу:
Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды · Egemen Qazaqstan