Қазақстан • 14 Сәуір, 2022

Президент Мағзұм Мырзағалиевті қызметінен босатты

1184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Мырзағалиев  Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президент Мағзұм Мырзағалиевті қызметінен босатты

«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Мағзұм Маратұлы 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін, Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, Ш.Есенов атындағы Қазақ мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.

Еңбек жолы:

2001-2004 жылдары - Теңіз және Батыс Сібір кеніштерінде «MIDrillingFluidsInternational» (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер.

2004-2007 жылдары - «MIDrillingFluidsInternational» Ақтау филиалында бизнесті дамыту менеджері, өндіріс жөніндегі менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2010-2013 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының инновациялық дамыту және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – ҚР мұнай газ вице-министрі.

2014-2019 жылдар – ҚР Энергетика вице-министрі.

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болды.

2022 жылдың қаңтарынан бері Президент кеңесшісі қызметін атқарды.