Түркияда НАТО әскери жаттығулары өтеді
<p style="text-align: justify;">НАТО-ның Ramstein Dust II-2022 (RADU II-22) әскери жаттығулары 20-28 маусым аралығында Түркияда өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Түркия қорғаныс министрлігі жаттығулардың Кония базасында әуе операциялары әдістері тұрғысынан бірегей оқу мүмкіндігін беретін Анадолы қыраны 2022 халықаралық оқу курсымен бірге өткізілетінін атап өтті.
Бұған дейін НАТО-ның Балтық теңізінде әскери-теңіз жаттығуларын бастағаны жөнінде жазған едік.
Аталған оқу-жаттығу жиыны екі аптаға созылады. Оған 16 елден 7 мыңнан астам теңізші, әуе және теңіз жаяу әскері, соның ішінде Финляндия мен Швецияның екі үміткер әскери одақ мүшелері қатысады.
