Тарихын танымағанның болашағы бұлыңғыр

<p style="text-align: justify;">Рас, бұл &ndash; аксиома. Ал оны таныту, ұлтқа ұран, ұрпаққа мұра етіп қалдыру &ndash; парасатты ердің пайымы. Бұл тұрғыда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алға қарай қарышты қадам басты. Биылдың өзінде өткенімізді өрнектеу жолында &shy;жоспарлы жұмыстар қолға алынды. Айталық, &laquo;Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы&raquo; атты Жолдауы аясында Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылды.</p>

Тарихын танымағанның болашағы бұлыңғыр

Алаш арыстары есімімен астасып жатқан Семей қаласы мәртебесінің өсуі, облыстың Абай аталуы, қазақ хандары мен билері табанының табы қалған өлкені Ұлытау деп ұлықтауы – ойымның айғағы. Тіпті Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласына Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілуі – алмағайып тұста 43 қала салдырған тау тұлғаны ұлық­таудың көркем көрінісі. Мұндай қадам – Алаш жұртын рухани серпілтті. Әрі бос сөз, құрғақ уәде емес, жоспарлы жұмыстың же­місін көрсетті.

Бұған қосымша Барыс жылында Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы, Кенесары хан­ның 220 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығы еліміздің түпкір-түпкірінде кең көлемде аталып өтілуде. Соны­мен қатар ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­сынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Алаш арысының туған күні 3-5 қыркүйек аралығында майлы қиян, кең түбекті Торғайда дүбірлеп өтуі тиіс еді. Әйткенмен, Ахметтің киелі топырағын өрт шарпып, ұлт ұстазының 150 жыл­ды­ғына арналған ауқымды іс-шараны өткізу кейінге ысырылды. Дегенмен өрт шыққан өңір­дің тұрғындарымен кездес­кен­де Президентіміз баба рухына тағ­зым жасалатынын ашық айт­ты: «Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз».

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл қадамы өзегін ғана емес, ша­ңырағын да өрт шалып, қызыл алау­ға «оранған» ағайынның жаны­на жылулық, санасына серпіліс сыйлады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында: «Қа­зақ қоғамында жаңа қағидат­тар және жаңа бағдарлар салта­нат құруға тиіс. Ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керек­тердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды», деп атап өткен еді.

Әлбетте, жаһандану деген жа­­нал­­ғышқа жұтылып кетпей, өр ба­баларымыздың сара жолын на­си­хаттау, оны сақтап қа­лу – азат­тығымыз үшін де, қазақ­тығымыз үшін де маңызды. Осы ретте Бай­тұрсынұлы әйгілі Қарқаралы пе­ти­циясы автор­ла­рының бірі бол­ғанын жұртшылық жақсы біледі.

Аталған арыз-тілекте жергі­лікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне Қазақ елінің мүдде­сіне сай өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстау еркін­дігі, Дала ережесін қазақ мүд­десіне сай заңмен ауыстыру және басқа да мәселелер көтерілді. Демек жаңа Қазақстанда реформатор Ахмет Байтұрсынұлы­ның есімі, оның ұлтты ағартушы­лық жолындағы ерен еңбегі, сая­си көзқарасы ұмытылмақ емес. Керісінше, жылдар жылжыған сайын ұрпақ санасында қайта жаңғырып, жас буынның жол бас­тар шамшырағына айналары хақ.

ХХ ғасырдың басында-ақ ілім-ғылымның өрісін кеңейтіп, ұлтын білімге, ізденіске бағыттаған Алаш арысы өміршең мұрасын ұр­­па­ғына қалдырды. «Оқу құра­лы», «Қырық мысал», «Маса» се­кіл­ді еңбектері бүгінгі буынның да, бо­­ла­шақтың да жастанып жатып оқи­тын кітабына айналуға тиіс.

Көреген қазақ: «Ғалымның хаты өлмейді» дейді. Рас, Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі, қайраткерлік күресі өт­кен ғасырда Қазақ елін жаңа белеске көтерді. Жылдар жылжы­ған сайын Торғайдың төл баласы Алаштың Ахметіне айналды. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин: «...Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір ба­сын бәйгеге тіккен. Ахмет Бай­тұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл», деген еді.

Демек халқымыздың рухани көсемін қалай әспеттесек те артық емес. Осы тұрғыдан қарағанда, Торғайда өтетін торқалы жиын­ның маңызы айрықша. Ең бас­тысы, қазақ руханиятының кемел­денуіне кең жол ашып, ұлт кө­сем­дерін биігіне көтерген Пре­зи­дентіміздің бұл қадамы көре­генділік әрі жаңа дәуірге жасалған жарқын бетбұрыс деп есептеймін.

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ,

Қазақстан Халық партиясының төрағасы

Бөлісу:
Тарихын танымағанның болашағы бұлыңғыр · Egemen Qazaqstan