Пікір
1 мин оқу 872

Ел болашағы – балалар

<p style="text-align: justify;">Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы ел көңіліне қонымды әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Соның ішіндегі ең ерекше реформаларының бірі &minus; Ұлттық қордан өскелең ұрпаққа кәмелет жасына толғанға дейін бөлінетін қаржылық үлесі жайында.</p>

Ел болашағы – балалар

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөзді болашақ жастардың қолында екенін, оларға жасаған тәрбиелік және қаржылық инвестицияның бекерге кет­пейтінін ата-бабамыз біліп айтса керек. Олай болса, бүгінгі жаңа реформа − оның жарқын дәлелі іспеттес. Балаларға жағдай жасау, оларға көмек қолын созу, қолдау – үлкендердің міндеті, парызы. Жастайынан қолдау көріп өскен баланың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» дегендей, болашақта еліне жанашыр, қамқор болатыны сөзсіз. Бұл реформа − Жаңа Қазақстанды құрудағы алғышарттардың бірі. Ел Президентінің бұл көрегенді­лігі қолдауға тұрарлық, құптарлық іс. Мұндай істерде Жаңа Қазақстандағы жұрт жағдайын жақсартатын жақсы реформалардың орындалуы мен жүзеге асуы қадағалануға тиіс.

Әділетті Қазақстанды қалыптастыру балаларға жағдай жасау мүмкін­дік­терін заңдық тұрғыдан негіздеу­мен де ерекшеленсе деген ұсынысымыз бар. Ендеше осындай игі істерге ұйытқы болып отырған Президентіміздің жаңа бас­тамаларын қолдай отырып, әрі қарай да жаңа реформалар күтетінімізді айтқымыз келеді.

 

Еңлік ҚАСАБЕКОВА,

Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану орталығының ғылыми қызметкері

Бөлісу:
Ел болашағы – балалар · Egemen Qazaqstan