Пікір
2 мин оқу 340

Елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді

<p style="text-align: justify;">Осы жылы елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, қоғамда саяси трансформация басталды. Ал маусым <br />айында өткен конституциялық реформа билік құрылымын өзгертті.</p>

Елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді

«Күшті Президент–ықпалды Парламент – есеп беретін Үкі­мет» қағидасын іс жүзіне асыруға кірісіп кеттік. Сайлау жүйесі жаңартылды, енді бар­лық деңгейдегі депутаттар партиялық тізіммен де, бір ман­датты округтен де сайланады. Конституциялық сот құзыреті артты, ол келер жылдан қызмет ете бастамақ. Ең бастысы, суперпрезиденттік басқарудан президенттік фор­маға ауыстық. Ата Заңның үштен бірі жаңартылып, мемлекет демократиялық бағытта батыл қадамдар жасауда.

Мемлекет басшысы Жол­дауында биыл президенттік сайлауды өткізудің мәні мен маңызын елдік және әлемдік мінберден ашық айтты. Алдымен Президент сайлауы, келер жылдың көктемінде Пар­ламент сайлауы өтпек. Осы­лайша, бізде мемлекеттік институттар қайта құрылады.

Көпшілік Мемлекет басшы­сының Президент сайлауын кезектен тыс өткізу жөніндегі бастамасын қолдады. Сонымен қатар бұл бастама жер-жерде қоғам өкілдерімен талқыланды.

Халық саяси жүйені өзгер­тудің қажет екенін жақсы тү­сініп отыр. Кезектен тыс Президент сайлауы 20 қа­рашада өтетін болды. Алда бізді елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау күтіп тұр. Эко­номиканы өркендету, ха­лық­тың тұр­мысын жақсарту сын­ды басты міндеттердің іске асуы осы науқанның нәтижесіне байланысты болмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа сайлауалды бағдарламасын ұсынады. Онда экономикалық дамуды көз­дейтін тың әрі елең етерлік баста­малар айтылады деп үміт­тенемін.

Мемлекет басшысы сайлау­дың қатаң түрде заңға сай өте­тініне кепілдік берді. Өз басым науқанның әділ және ашық өте­ріне сенемін. Азаматтар үлкен жауапкершілікті сезініп, заң талаптарын берік ұстануға тиіс. Еліміз өз бірлігі мен жауап­кершілігін танытатын кез келді.

Президент айтқандай, Қазақ­станның болашағы әр­қай­­сы­мыз­дың қолымызда. Әділетті Қа­зақстанды бірге құрайық, ағайын!

Гүлмира БАЙРКЕНОВА,

С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры,

заң ғылымдарының кандидаты

Бөлісу:
Елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді · Egemen Qazaqstan