Пікір
1 мин оқу 263

Өз таңдауымызды жасадық

<p style="text-align: justify;">Мен көптеген аса ірі халықаралық жарыста ел намысын абыройлы қорғаған спортшымын.</p>

Өз таңдауымызды жасадық

1996 жылы Атлантада алауы тұтанған жазғы Олимпия ойындарына Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш рет қатысқанда, аталған жарыстың ашылу салтанатында көк бай­рағымызды көтеріп шығу бақытына ие болдым. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында да дәл сондай құрметке бөлендім. Сол бәсекелердің екеуінен де олжалы оралдым. АҚШ-та қола медальді мойныма ілсем, Аустралияда алтын тұғырға көтерілдім. Сол кездерде кеудемді мақтаныш сезімі кернеп, өзімді бұл әлемдегі ең бақытты адамдай сезіндім.

Бүгін отбасыммен бірге прези­дент сайлауына қатысу үшін Алматы қаласындағы №361 са­йлау учаскесіне келіп, өз таң­дауы­мызды жасадық. Президент – мем­лекеттің тұрақтылығы, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі, экономикалық және әлеу­меттік тұрғыда өсіп-өнуі­не, өркендеуіне ең жауапты адам. Сол үшін де біз дұрыс таңдау жасай білуіміз керек. Мен Қазақ­станның тұтастығы, бейбітшілік пен жасампаздық, халықтың әл-қуатының артуы және бала­ларымның болашағы үшін дауыс бердім. Жеке өз басым, Қазақ­станның келешегі жарқын бола­тынына кәміл сенімдімін. Біз әлі барлық сала бойынша әлем­нің алдыңғы қатарында келе жа­т­қан алпауыт елдердің қата­рына қосыламыз. Сол үшін де бар­лығымыз ерінбей еңбек етіп, көз­д­еген мақсатымызға жету жо­­лын­­да өжеттік пен табан­ды­­лық та­­н­ытуымыз керек. Тек сонда ғана Жаңа Қазақстан құра аламыз.

Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ,

бокстан Олимпиада чемпионы

Бөлісу: