Әр азаматтың борышы
<p style="text-align: justify;">Алты кандидат арасынан Әділетті Қазақ­стан­­ның келешегі үшін адал қызмет ететін тұлға­ны танып, өз таңдауын жасау – әр азамат­тың борышы.</p>

Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен келген едім. Өзім Астана қаласының тұрғынымын. Ақтөбедегі тыңдарманыма арналған «Көңіл толқыны» атты концертім айлар бұрын жоспарланып қойылған еді, сайлау күнімен тұспа-тұс келіп, мерейімді тасытып отыр. Бүгін қарбалас болатындықтан, ертерек қамданып, Астанадағы техникалық колледжде орналасқан №80 сайлау учаскесінде отбасымызбен «Халық сенімін ақтауға лайық» деген үмітпен өз таңдауымызды жасадық. Тарихи сәттегі бұл таңдауым ел келешегі үшін тамшыдай үлес болып қосыларына сенемін.
Секен ТҰРЫСБЕК,
күйші-композитор,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
