Пікір
1 мин оқу 330
Елдің тағдырын айқындайды
<p style="text-align: justify;">Елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдау ісіне атсалысуға келдім. Еліміздің келешегі, тағдырына алаңдау­шылық әрбір ұлтжанды азаматтың бойында болатын ізгі қасиет деп білемін.</p>

Мен елімнің ертеңгі күнде дамығанын, тыныштықта өмір сүргенін қалаймын. Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. «Президент – біреу, қалғандарымыз тіреу болайық». Осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен қалмай өз таңдауымызды жасадық деп білемін. Ел алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан да, келешектен де мол жақсылық күтемін.
Асылы ОСМАН,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
АЛМАТЫ
Бөлісу:
