Жаңа саяси цикл басталды
<p style="text-align: justify;">Мерзімінен бұрын өткен бұл сайлау саяси жүйенің өзгеруімен тұспа-тұс келді. Осылайша, ре­фор­малар легі Конституциялық өзгеріс­терге ұла­сып, логикалық жалға­сын тапты. Олар елдің саяси күштерінің те­пе-теңдігін өзгертіп, Пар­ла­мент­­тің өкілеттіктерін бір­шама ке­ңейт­ті. Президенттің өкілет­тік­­терін жаңар­тып, құқықтық институт­­тардың жаңа мәртебелерін белгіледі.</p>

Сайлау да жаңа жағдайда өтті. Бұл президенттік мерзімге арналған новелламен де байланысты. 2022 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ел Президентінің өкілеттігі жеті жылдық бір мерзіммен шектелді.
Бұл норма Конституцияның өзгермейтін тармақтарының тізбесіне мемлекеттің тәуелсіздігімен, еліміздің аумақтық тұтастығымен, оны басқару нысанымен, Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарымен қатар енгізілді.
Сонымен қатар бұл сайлауда барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі бар жаңа норма енгізілді. Бұл құқықты қазақстандықтардың 5,8 пайызы қолданды. Жалпы, 8,3 млн қазақстандық дауыс беріп, өзінің саяси ерік-жігерін білдірді.
Осылайша, Президент инаугурациясы Қазақстанның жаңа саяси циклін іске қосудың символдық салтанатты рәсімі деп айта аламыз. Келер жылы Қазақстанда жаңарған қоғамдық шартпен басталады.
Татьяна ЛИПИНА,
Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері
