Пікір
1 мин оқу 203

Рухты көтерген ұлықтау

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Президентінің қызметке кірісуін салтанатты ұлықтау рәсіміне екі жарым мыңға жуық адам қатысты.</p>

Рухты көтерген ұлықтау

Бұл жолғы ұлықтау рәсімі өзгеше өтті. Қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар, спорт, денсау­лық, ауыл­­­шаруашылық, мәдениет қызмет­кер­­лері, ғалымдар шақырылыпты. Шенеу­нік­тен азаматтық қоғам өкілі басым болды.

Ұлықтау рәсімі еркін форматта өтті. Ақорда өткізетін іс-шараларда телефонды алып қалатын, бұл шарада шектеу болмады. Мен бұл шара­ға көпбалалы аналардың өкілі ретін­де ша­қырту алдым. Президенттің Конс­ти­ту­ция­ға қол қойып ант беру сәті, туды сү­йіп, тәу етуі ерекше толқытатын сәт екен.

Президент ең алғашқы Жар­лығын ауыл­ды дамытуға арнады. Ел бесігі – ауыл көркейсе Қазақстан экономикасы да дамитыны сөзсіз. Ел халқының 40 пайызы тірлік кешетін ауылдың отыз жылда түп-тамыры үзілуге шақ қалды. Президент алдағы бес жылда ауыл еңсесін тіктейді деп уәде берді.

Ұлықтау рәсімінен кейін, «Қазақ­стан» концерт залында мере­келік концертке бардық. Роза Рым­баева мен Димаштан басқа, әнші­лер құрамы жасарып-жаңарған екен. Әншілермен бірге залдағы екі мыңға жуық көрермен орындарынан тік тұрып, «Ата­мекен», «Көк тудың желбірегені» ән­дерін қосылып шырқады. Халық рухты көте­ретін, бірік­тіретін дүниелерге шөл­деп қа­лып­ты. Ұлықтау рәсіміне бар­лық өңір­­ден кел­ген қатысушылар жаңа күш-жі­герге байып, рухымыз көтеріліп қайттық.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Рухты көтерген ұлықтау · Egemen Qazaqstan