Театр
1 мин оқу 410

«Абай» операсына барды

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов &laquo;Астана Опера&raquo; театры қойған &laquo;Абай&raquo; операсын тамашалап, шығармашылық ұжыммен кездесті.</p>

«Абай» операсына барды

Қазақ театры өнерінің классикасына айналған «Абай» алғаш сахналанған сәтінен бастап түрлі нұсқада қойылды. Өзгермейтін, тек ақынның рухы ғана сияқты. Бұл, әрине, туындының авторлары – Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди мен Мұхтар Әуезовтің шеберлігінен болар.

Спектакльдің қоюшы-дири­жері – маэстро Алан Бөрібаев, режиссері Джанкарло Дель Мо­нако. Қойылымға италиялық сце­нограф-суретші Эцио Фри­джерио мен костюмер Франка Скуарчапино да жұмыс істеді.

«Елімізде театр өнері жоғары бағалануы керек. Өткен аптада Түркістан облысының шалғай ауданына (Жетісайға) барғанда Құрманбек Жандарбеков атын­дағы жергілікті драма театрға соқ­тым. Жұмыс сапарының қо­рытындысы бойынша аталған театр­ды қаржыландыру мөл­шері ұлғайтылды, сондай-ақ шы­ғармашылық ұжым гастрольдік са­пар­ларға шығатын болды. Театр өнерінің дамуын қолдай оты­рып, біз дұрыс бағытта қозға­латынымызға сенімдімін», деді министр.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы­мен сахналанған спектакль екі күн бойы көрсетілді.

Бөлісу:
«Абай» операсына барды · Egemen Qazaqstan