Сайлау
1 мин оқу 191
Сенат төрағасы сайлауда дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сенат спикері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2744 дауыс беруші тіркелген.
Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл күні 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды.
Бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов дауыс берген еді.
Одан бөлек, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Бөлісу:
