Құқық
2 мин оқу 540

Прокурордың міндеті – айыптау емес

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратурада мемлекеттік айыптаушылар форумы ашылды. Іс-шараға Бас прокурор Берік Асылов, Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Ержан Жиенбаев, Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев, Конституциялық сот, республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, заңгер ғалымдар және аймақтардағы прокуратура қызметкерлері қатысты.</p>

Прокурордың  міндеті – айыптау емес

Форумды ашқан Бас прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының прокуратура органдарына қылмыстық про­цестегі заңдылықты қамта­масыз етуде ерекше жауап­кершілік жүктелетіні туралы тапсырмасын атап өтті. Сон­дай-ақ бұл іс-шара сот про­цесінде мемлекет мүддесінің функциясын тиімді жүзеге асыратын, жоғары білік­ті, тәжірибелі прокурорларды дайындаудың тетіктерін әзір­леуге арналып отырғанын айтты.

– Бүгінде мемлекеттік айып­таушылардың азаматтардың құқын қорғаушы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылып келеді. Прокурорлар тек айыптау ұстанымында болмауы қажет. Олардың негізгі мақсаты – сотқа күдіктінің кінәлі немесе кінәсіз екендігін анықтауға көмек беру. Мем­лекеттік айыптаушы сотта әділ, объективті және бейтарап болуға міндетті, – деді ол.

Президент Әкімшілігі жете­кшісінің орынбасары Ер­жан Жиенбаев, Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерға­лиев және басқа да форум­ға қатысушылар сөз алып, көтеріліп отырған тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салды.

– Мемлекеттік айыптау – қылмыстық сот ісін жүргізуде заң үстемдігін қамтамасыз ету­дің бір элементі. Мем­лекет басшысы тапсырмасына сәйкес, әділдік мен бәсе­ке­лестікті қамтамасыз ететін қылмыстық сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін айқындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Соның арқасында соңғы жылдары бұл салада елеулі өзгерістер бар. Қылмыстық процестің үш буын­ды моделі енгізіліп жатыр. Соған сәйкес барлық негізгі процессуалдық шешімдер прокурорлық сүзгі арқылы өтеді, – деді Ержан Жиенбаев.

Қылмыстық процестегі тараптардың бәсекеге қабілет­тілігін арттыру проблемалары, алқа билер соты институтын кеңейту және қылмыстық сот өндірісіндегі өзекті мәселелер бойынша соттар, адвокаттар, заңгерлер және прокурор­лар баяндама жасады. Форум қоры­тындысы бойынша мем­лекеттік айыптаудың сапасын және тиімділігін арттырудың ұсыныстары дайындалды.

Іс-шараның екінші күні Құқық қорғау органдары академиясында арнайы шақы­рылған қонақтар үшін тренингтер мен дәрістер өтеді.

Бөлісу: