Мәселе
2 мин оқу 651

Өңірлердегі су тапшылығы

<p style="text-align: justify;">Өңірлерде су тапшылығы мәселесі ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Соның салдарынан шаруалар түрлі қиындықтарға тап болып, шығынға батып, жоспарлағандай өнім ала алмай келеді. Мұндай жағдай кешенді тәсілді, сондай-ақ депутаттардың ғалымдармен және сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуін талап етеді.</p>

Өңірлердегі су тапшылығы

Сенат отырысында Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осы мәселеге тоқ­талып, аталған түйткілге салалық министр­лік басшылығының назарын аудар­ды.

«Кейбір өңірлерде топырақтың ерек­шелігіне байланысты негізінен тек күріш өсірілетіні белгілі. Алайда бюро­кратиялық кедергілерді көлденең тартып, шаруаларға күріш егуге шектеу қоя алмайтынымыз түсінікті. Онымен мәселе шешілмейді. Бұл жерде жан-жақты ойластырылған, пысықталған кешенді жұмыс қажет. Қалыптасқан жағдайды зерттеп, өзара ақылдасып, осы саладағы сарапшылармен кеңесіп отырып, шешім қабылдау керек. Бұл – министрдің бір бұйрығымен шешіп тастайтын мәселе емес», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата төрағасы осы проблема сенаторлардың аймақ­тарда жергілікті тұрғындармен кезде­сулерінде де жүйелі түрде көтерілетінін жеткізді. Сондықтан Сенат өңірлердің мүддесін қорғайтын Палата ретінде бұл бағытты үнемі бақылауда ұстайды.

Мәулен Әшімбаев көтерілген та­қырыпқа сәйкес басымдықтарды іске асыру үшін Сенат Үкіметпен ынты­мақтаса жұмыс істеуге де дайы­н еке­­нін атап өтті. Отырыс барысында жасалған барлық ұсыныс осы іс-ша­­раның қорытындысы бойынша әзір­ленетін ұсынымдарға енгізіліп, Үкіметке жолданады.

Бүгінгі күні еліміздің оңтүстігіндегі диқандар су тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Сенат төрағасы Мәу­лен Әшімбаев Палата отырысында осы түйткілге назар аударды. Сенат депутаттары осы жағдайға орай Ауыл шаруашылығы министрі Ер­бол Қарашөкеевтің суармалы жер­лерді пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі ақпаратын тыңдаған болатын. Жиын барысында Мәулен Әшімбаев Түр­кістан облысының тұрғындарын алаңдатып отырған проблемаларды айтып, Сырдария трансшекаралық өзенінің жағдайына қатысты мәселеге тоқталды.

Сенатта жергілікті өкілді орган­дармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Сол жиында Түркістан облысынан келген әріп­тестеріміз Жетісай, Мақтаарал аудан­дарындағы мәселелерді көтерді. Не­гізгі түйткіл – «Достық» каналы ар­­қылы келетін су көлемінің азаюы. Мәселен, көрші мемлекеттермен жа­сасқан шарттарға сәйкес, елімізге секундына 40 текше метр су келуі керек. Алайда бүгінде ол көрсеткіш шамамен 25 текше метр көлемінде ғана деген ақпарат бар», – деді палата спикері өз сөзінде.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауыл шаруашылығы маңызды сала екенін, оны дамыту көрші мемлекеттерден келетін судың көлеміне тығыз бай­ла­нысты болып отырғанын айтты. Мәселенің оң шешілмеуі аймақ­тағы шаруалардың наразылығын ту­дыр­ғанын тілге тиек еткен Сенат төр­ағасы тиіс­ті мемлекеттік орган­дарды осы салада белсенділік таны­туға ша­қырды.

Бөлісу:
Өңірлердегі су тапшылығы · Egemen Qazaqstan