Пікір
3 мин оқу 273

Әділетті Қазақстанға – құқықтық көзқарас

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары&raquo; атты Жолдауында елді сая&shy;си, экономикалық және әлеуметтік дамытудың кешенді &laquo;жол картасын&raquo; ұсынды. Құқықтық тұрғыдан алғанда, Президент Тоқаев ұсынған реформалар мен бастамалар оң өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар әділдік, заң үстемдігі және азаматтардың ел басқару ісіне белсене араласуын көрсетеді.</p>

Әділетті Қазақстанға – құқықтық көзқарас

Ең әуелі, билік тармақтары арасындағы оң­тайлы тепе-теңдікті орнатуға бағытталған бұған дейін жүргізілген саяси реформалар заң үс­тем­дігінің іргелі қағидасы екеніне тоқталайық. Бұл, әсіресе, Қазақстанның ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік рес­пуб­ликаға өтуі жағдайында өте өзекті. Осын­дай реформалар тежемелік және тепе-теңдік қағидатын берік ұстанғанын аңғартады. Биліктің шектен шығу қаупін азайтады және атқарушы биліктің әрекетін заң шығарушы және сот органдарымен тек­серуге мүмкіндік береді. Мұндай жүйелік те­тіктер әрқашан ашық, есеп беретін және әділ бас­қару құрылымын құруға ықпал етеді.

Жолдауда сондай-ақ құқықтық және эти­калық тұрғыда маңызды аспект – адам құқық­та­рын қорғау саласында жүргізілген ре­фор­ма­ларға екпін берілді. Президент Тоқаев азамат­тардың басқаруға және шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін арттырып, демократиялық даң­ғыл жолға бағыт алғанын анық аңғартады. Азаматтардың құқықтарын кеңейту заңнамалық және әкімшілік үдерістерге әсер етіп, қоғамды неғұрлым инклюзивті, талқылауға қабілетті және сайып кел­генде әділетті етеді.

Экономикалық реформалар мәселесіне тоқ­тал­сақ, бұл бағыттағы жаңа саясат әділетті­лік­ке, инклюзивке және прагматизмге баса назар аударады, әділ құқықтық базаның негізін қа­лайды. Мысалы, Қ.Тоқаев экономиканы әр­та­рап­тандыру және қуатты индустриялық база құру бастамасы жаңа жұмыс орындарын ашуға, та­быс теңсіздігін азайтуға және әлеуметтік-эко­номикалық құқықтарды жүзеге асыруға мүм­кіндік береді. Мұндай мақсаттар күшті заң­на­малық негізде бекітілсе, ұзақмерзімді тұрақ­ты­лық пен инклюзивті өсуге ықпал етеді.

Қызығушылық тудыратын бір мәселе мынада. Үкіметке мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімін жеңілдету және қысқартуға, сапаға ба­сым­дық беруге, оны автоматтандыруға тапсырма берілді. Құқықтық тұрғыда мұндай қадам тиім­ділік пен ашықтық мәселесін шешеді. Сы­бай­лас жемқорлық қаупі мен бюрократиялық кедер­гі­лер­ді азайтады. Бизнесті жүргізуге қолайлы және бәсе­келестік орта құруға жол ашады.

Қаржы секторындағы реформалардың да ма­ңызы ерекше. Шетелдік сенімді үш банкті елге әкелу инвестиция ғана емес, сонымен қатар Қа­зақстанның банктік заңнамасы мен норма­тив­тік-құқықтық актілерін жетілдіреді, озық халықаралық тәжірибеге иек артуға мүмкіндік бе­реді. Мұндай «реттеуші тәсіл» жергілікті стан­­дарт­тарды жақсартып, оларды халықаралық дең­­гей­де танылған нормалар мен заңдарға сәй­кес­­тенді­реді.

Қазақстан Президентінің Жолдауында салық мәселелері де қозғалды. Салық жеңілдіктерінің көлемін қысқартып, салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу ұсынылды. Бұл ұсы­­­ныстар ашықтық, әділдік және салық төлеу­ші­лер­ге тең қарау қағидаттарымен үндесіп, сол арқылы фискалдық саясаттың құқықтық негізін нығайтады.

Әлеуметтік инфрақұрылымға қатысты Қ.То­қаев мектептер мен медициналық мекеме­лер­ді, әсіресе ауылдық жерлерде көптеп салуды тапсырды. Заң аясында тұжырымдалған бұл міндеттеме азаматтарға білім беру және денсаулық сақтауды қамтамасыз ету секілді Конституцияда бекітілген уәдені орындауға жол ашады. Мемлекетке әлеуметтік әділдік жөнін­дегі міндеттемелерін тиімді орындауға мүм­кін­дік береді.

Бұдан бөлек, атом электр стансасын салу мәсе­лесін жалпыхалықтық референдумға шығару демократия мен оның құқықтық бағытын құр­мет­теуді көрсетеді. Референдум өткізу ұжым­дық шешімдерді қабылдауды жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар атом электр стан­са­сының құрылысы мен жұмысын реттейтін заңнамалық базаны қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, Президент Тоқаевтың Жол­дауы құқықтық тұрғыда қарағанда теңдес­ті­рілген, әділ және инклюзивті қоғам құру жолындағы Қазақстанның серпінді реформалар қамтылған, жан-жақты ойластырылған көзқарасын білдіреді. Оны жүзеге асыру нағыз сынаққа айналмақ. Де­ген­мен ұсынылған бас­тамалар ел үшін келешегі зор құқықтық және этикалық траекторияны бел­гі­лейтіні сөзсіз.

Ричард БИННС,

адвокат, Ұлыбритания 

Бөлісу:
Әділетті Қазақстанға – құқықтық көзқарас · Egemen Qazaqstan