Басылым
1 мин оқу 180

Академиялық көптомдық әзірлігі пысықталды

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин &laquo;Ежелгі кезең&shy;нен қазіргі уақытқа дейін&shy;гі Қазақстан тарихы&raquo; акаде&shy;миялық көптомдық басылымын дайындау мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді.</p>

Академиялық көптомдық әзірлігі пысықталды

Қазіргі заман ғылым талабына сай Қазақстанның көптом­дық тарихын әзірлеу Президент­тің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көтерілгені бар­шаға аян.

Отырыс барысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұр­бек пен жаңа академиялық басылым томдарының жетекшілері – Ә.Мар­­ғұлан атындағы Археоло­гия инсти­тутының бас директоры Ақан Оңғар, Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология инс­ти­туты­ның директоры Зиябек Қа­­был­динов, Р.Сү­лейменов атын­­дағы Шығыстану ин­с­титуты жанындағы Тарихи мате­риал­­дарды зерттеу бойынша респуб­ликалық ақ­па­раттық орталы­ғы­ның директоры Меруерт Әбу­сейітова Мемлекет­тік кеңесшіге Президенттің Ұлттық құрылтайдың II отырысында қойған міндеттерінің орындалуы туралы баяндады.

Ерлан Қарин отырыстың қорытын­дысында Қазақстан тарихының жаңа академиялық көптомдық басылымын дайындау жұмысының алдағы бағыттарын айқындап берді.

Бөлісу: