Жарнама
 
Пікір
2 мин оқу 220

Ынтымақтастықтың жаңа дәуірі

<p style="text-align: justify;">Қазір геосаясаттағы тектоникалық мүдделер қақтығысы, өзгерістер болып жатқан заманда мемлекетіміз теңгермелі, тежемелі, елеп-екшеген сыртқы саясатты жүргізіп келе жатқаны белгілі. Біз жер қойнауы шикізатқа да бай елміз. Өндіріске, экономикаға қажетті деген ең маңызды стратегиялық ресурстардың белгілі бір бөлігі мемлекетімізде шоғырланған.</p>

Ынтымақтастықтың жаңа дәуірі

Осы теңгермелі тежемелі, прагматикалық саясатты жүргізе отырып, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада сауатты жүргізе білу маңызды. Әрине, бұл ретте әлемнің барша елімен қатар АҚШ-тың да өзіндік орны бөлек. Дөңгелек үстел басына жиылып, мәселелерді ашық айту, талқылау және оны дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылу барлығына тиімді. Себебі жаһандану заманында барша елдің экономикасы өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Тіпті көлік логистикасынан бастап өзге секторларды сөз етсек те, мемлекеттер бір-бірімен дипломатиялық арналар арқылы тиімді саясат жүргізуге мүдделі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Көлік-логис­тика саласын қарқынды дамыту – стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды» деген еді. Осыған орай Мемлекет басшысының АҚШ-қа іссапары аясында ҚТЖ мен «Wabtec» компаниялары арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Осылайша, көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция тартылды. Бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал етеді және басқа да инфрақұрылым­дық жобалар үшін негіз болады. Осы секілді өзге де салаларымыз бар. Мәселен, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, ІТ технология, тағы басқалары.

Біздің алға қойған мақсаты­мыз үлкен. Мысалы, Мемлекет басшысы Жолдауда 2026 жылға қарай IT-қызметтерінің экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырған. Әрине, бұл салада үздік мемлекеттердің бірі – АҚШ. Олар­дың технологияға бағыт­тал­ған уни­верситеттері, бұл сала­дағы өндірістік базасы, ғалымдары әлемдегі ең үз­дік­тердің бірі деп айтсақ болады. Енді алдағы уақыт­та аталған бағыт­та біздің жоға­ры оқу орындарымыз, компания­ларымыз серіктестік ор­натады деген сенім бар. Осындай мәсе­лелерді талдай келе, еліміз көп­­векторлы, теңгермелі, тежемелі, праг­матикалық, ғылыми негізделген сырт­қы саясатын жүргізе отырып, мем­лекетіміздің мүддесін сауатты қорғап келе жатыр деуге толық негіз бар.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы

Бөлісу:
Ынтымақтастықтың жаңа дәуірі · Egemen Qazaqstan