Құқық
1 мин оқу 180
Оралда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды
<p style="text-align: justify;">ҚР ІІМ баспасөз қызметі Орал қаласына кірген Ауғанстанның 11 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Аталған шетелдіктердің құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ екі Ауғанстан азаматы бұрын ҚР аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болған. Олар Орал қалалық ПБ қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Батыс Қазақстан облысы аумағында шетел азаматтарының болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
