Тәрбие
1 мин оқу 502

Тәрбиешіге тарту

<p style="text-align: justify;">Қарлыға Наурызбаева Сәтбаев қаласындағы &laquo;Ертегі&raquo; бөбекжайында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ол Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бас&shy;тауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын нақ осы ұжымда бастаған еді. Ұшқыр уақыт-ай, міне, он сегіз жыл өте шығыпты.</p>

Тәрбиешіге тарту

Ол «өткен күнде белгі жоқ» дегенмен келіспейді. Ауыз­ша айтылып жататын сан­сыз рах­метті айтпағанда, ресми марапаттар қаншама? Бұлар өткен күннің белгісі емес пе? Оның алған Алғысхат, Құрмет грамоталары жетерлік. Биыл да Сәтбаев қалалық білім бө­лі­мінің Алғысхатын және Ұлы­тау облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар кәсіп­­­ода­ғының Құрмет грамотасын иеленді.

– Бұл марапаттарға да үл­кен рахмет, әрине. Бірақ мен үшін ең керемет тарту – Ермек Әділбайұлы мен Гүлшат Серікқызы есімді ата-аналардың құттықтауы болды, – дейді ол.

Ұстаздар мерекесі күні Ермек пен Гүлшат өздерінің 7-сыныпта оқитын Имран, 5-сыныптағы Мәлика, 2-сы­нып­тың оқушысы Исмаил және «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі Исамудин есімді ұл-қыздарын ертіп, Қарлығаның құшағын гүлге толтырыпты.

– Біздің төрт баламыз да Қарлығаның қолынан өтті. Жазу, сурет салу, ән айту, тіпті жүріп-тұруға да сол үйретті. Балаларымыздың оқуда озат, өнерлі болуы балабақшадағы алған тәлім-тәрбиенің жемісі деп білеміз. Сондықтан Қарлыға Хамитқызын мере­ке­сімен құттықтап, көңілі­міздің белгісіндей гүл шоқтарын сыйлауды жөн көрдік, – деген Гүлшатқа қа­лай риза бол­масқа.

Адамның риясыз көңіліне не жетсін? Еткен еңбек, төк­кен тер жүрген ортаңдағы қа­­діріңді арттырып қана қой­май­ды, ойламаған жерде өзің де таңқалып қалатын осындай та­маша тартуға да кезіктіреді екен.

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы

Бөлісу: