Пікір
2 мин оқу 221

Алыс ауылдарды да интернетпен қамтимыз

<p style="text-align: justify;">&laquo;SpaceX&raquo; компаниясы бірнеше жыл бұрын &laquo;Starlink&raquo; ғаламдық спутниктік жүйесін дамыта бастағаны белгілі. Бұл желісі нашар, қымбат немесе мүлдем қолжетімсіз жерлерде спутник&shy;тің көмегімен жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған. &laquo;Starlink&raquo; алғашқы лицензиясын алғаннан кейін бес жылдан кейін бес мыңнан астам жерсерік ұшырылды.</p>

Алыс ауылдарды да интернетпен қамтимыз

2022 жылғы дерекке сүйенсек, адамзаттың үштен бірі әлі де болса интернетке қосылмаған, азамат­тар­дың көбінде тек негізгі интер­нет байланысы ғана бар. «Starlink» осы дүниелерді жақсартуға мүмкіндік береді. Жалпы, байланыс дегеніміз – өте күрделі мәселе. Бұған қосылу мүмкін­дігі немесе инфрақұрылымның болуы аздық етеді. Бұл жерде технологиялардың қаржылық қолжетімділігі, технологиялар­ды пайдалану мүмкіндігі де маңызды. Әсіресе соңғысына басымдық берген абзал.

Біз ұсынып отырған «Starlink»-ті орнату оңай. Оны қораптан шығарып, көк­ке бағыттап, интернет­ке қосы­ласыз. Болды. Құрыл­ғылар­дың бәрі бір қорап­пен келеді. Құ­рылғы деп отыр­ғаным – қара­пайым «Starlink» жиын­тығы. Оған Wi-Fi модемі және розетка сымы кіреді. Негі­зі мұн­дай кідірі­сі аз кең жолақ­ты қол­жетім­ділікті алу үшін үлкен жаб­дық, оны орналастыру үшін ұзақ уақыт қажет. Ал «Starlink»-ті рюкзакқа салып, көлік­пен алып жүруге болады. Қысқасы, өте тиімді.

Айтпағым, «Starlink» Қазақ­станның елді мекендерін интернетпен қамтамасыз етуде тиімді қадам бола алады. Бұл шалғайдағы ауылдар бетпе-бет келіп отырған байланыс мәселесін ойдағыдай шешуге жол ашар еді. Біз телекоммуникация және IT-инфра­құры­лым саласындағы басқа да баға­лы бастамаларды байыта түсер едік.

«Starlink»-тің коммер­ция­лық сатылымы АҚШ-та ша­ма­мен үш жыл бұрын бас­тал­ды. Қазір барлық жеті құрлықтағы 60 елде 2 миллионнан астам клиент бар. Ал нақты пайдаланушы­лар саны 10 миллионнан асты. Бұл қатарда Қазақстан тұрғындары да болса тамаша емес пе?

Лорен ДРЕЙЕР,

«SpaceX» компаниясының «Starlink» мәселелері жөніндегі вице-президенті

Бөлісу: